Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінен екі адамды жұмыстан босатты.

16 наурыз, 2021 / Arasha.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің Қауіпсіздік Кеңесіне қайта тағайындаулар жасады. Ақпарат «Елбасы» сайтына шықты. 

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдері бойынша келесі тағайындаулар болды:

— Уразгулов Расул Кабдулович — Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы;

— Есин Данияр Нұрашұлы — Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының жетекшісі.

Сонымен бірге Назарбаев Русланбек Бекжігітов пен Ерлан Абдақасовты жоғарыда аталған лауазымдардан босатты.