ШҚО-да өрт кезінде 15 адам эвакуацияланды.

29 тамыз, 2024 / Arasha.kz

Өскемен қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды.

Өрт сөндіру бөлімшелері түтін аймағынан 15 тұрғынды, оның ішінде 5 бала эвакуациялады.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.