Танымал қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза дүниеден озды

219

5 наурызда қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза «Атажұрт еріктілерінің» сотына қатысу үшін Алматы қалалық сотына барған, сол жерде есінен танып құлап қалған. Желдел жәрдем көлігі келгенімен, аман сақтап қала алмаған.

Сот залында болғандар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына көргендерін баяндап жазыпт, Жолымбет Мәкіш: «Атажұрт еріктілерінің» сотына қатысу үшін таңертең он кезінде Алматы қалалық сотына барғанмын. 15 минуттай ерте барыппын. Залда отырсам, Нағашыбай марқұм жанымдағы адамдармен амандасып жатыр екен. Көрмегелі көп болған. Осыдан 4-5 жыл бұрын «Орбитадағы» кафеде ара-тұра кездесіп қалатынбыз. Содан бүгін бірінші рет көрдім. Бұрынғыдай емес, аздап жүдеген. Аман-саулық сұрасып, екеуіміз орындыққа жайғаса қалдық. Баяғыдай емес, арақ-шарапты қойғанын, қазір қымыз бен шұбат ішіп жүргенін айтты. Ағамның онысына риза болып, әңгімеміз енді қыза бергенде, басын ұстай қалды. «Басым әкетіп барады» деді де, сәлден кейін бір жағына қарай қисайып, сұлқ ете түсті. Сот жайына қалды. Тастап кететін емес. Зал у-шу. Біреу скорый шақырып, енді бір кісілер ағамызды екі жақтап жерге жатқызып жатыр. Жедел жәрдем де көп күттірген жоқ, он минут өтті ме, өтпеді ме, зу етіп келе қалды да, бірден дем салып, жұмыстарына кірісті. Сөйтіп арпалысып жатқанда сот та бітіп, «Атажұрт еріктілеріне» салынған айыппұлды сот сол күйі қалдырыпты. «Атажұрттың» адамдары марқұмның үй-ішіне қолдан келгенше қаржылай көмектесетін болды. Әлеметтік желіде де, былайғы өмірде де танымал адамға айналған Нағашекең осылайша көз алдымда бақилық болды. Өмір деген осы, қашан, қай жерде жан тапсыратыныңды білмейсің. Алла Тағала Нағашыбай ағамыздың бұл жалғандағы біліп істеген, білмей істеген бар күнәсін кешіріп, марқұмды өзінің рақымына алсын, әумииин!” -деп жазыпты. 

Ринат Рахат оқиғаны келесідей баяндапты:

Алматы қалалық соты… Сағат 11:08 минут… Аударылмаған МАЙН КАМПФ…

10:00 де басталатын Апелляциялық сотқа әдеттегідей 15 минут ерте бардым. Қатысушылар біртіндеп келе бастады. Күту залында (зал ожидание) отырғанбыз, шамамен 10 нан кете Нағашыбай ағамыз келді. Келген бойда жұртшылықпен амандасып болып, арыз-шағым жазатын үстелдің орындығына жайғаса кетті. Сол кез, ең соңғы рет қолын ұстап амандасқаным екенмін… Қарама-қарсы журналист Жолымбет Мәкіш отырса керек. Ал, мен, келушілерге арналған қатар тізілген орындықтардың екінші қатарында отырған болатынмын. Көзіміз сол баяғы телефонда ғой… Бір мезетте Жолымбеттің абдырап, көмек сұраған дауысы естілді. Сол кезде қарасам Нағашыбай аға отырған күйінде көзі жұмулы, бір жағына қарай қисайып бара жатыр екен. Күзетте тұрған қызметкерлер жедел-жәрдемге телефон соғып, жиналған көпшілік жанұшыра дәрі-дәрмек іздей бастады. Жерге оң жағынан жатқызыңыздар дегесін, қаумалаған көпшілік көтеріп еденге жатқызды. Жатырған адамның айналасына топталмай, әрі қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырған адамдарға кедергі келтірмейік деп, сот залына шақырғандықтан залға кіріп кеттім. Сот отырысы шамамен 15-20 минуттай болды…

Сот залынан шықсам, күту залында дәрігерлер келіп барынша көмектерін көрсетіп әлек. Алып кетпеген. Демек қозғауға болмайтын болған ғой сол кезде. Нағашыекеде ешқандай дыбыс жоқ. Сол жерде уколдары мен системаларын салып, жасанды дем беріп адам өмірін алып қалуға жанталасып жатыр. Тұрғылықты үйін, туыстарында ешкім білмейді. Содан фб желісінде әзілдесіп отыратын, “осы кісі құрдасы болар-ау” деп режиссер Еркін Рақышев ағамызды хабарласып шақырдық. Ерекең алып-ұшып жетіп келді. Осы кезде дәрігерлердің шешімі болса керек, кардиология орталығына алып кетуге ұйғарып, Нағашыбай ағаны жедел-жәрдем Кардиомобилге жылжымалы керуетпен мінгізіп алып кетті. Жиналған жұрт жақсылық тілеп тарқасты. Сағаты, телефоны және бас киімін алып Еркін Рақышев ағаның көлігімен, жедел-жәрдемнің артынан кардиология орталығына аттандық. Бардық, барған бойда Кардиомобил жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі бізге “қайырлы болсын” деп, көлік ішіндегі дәрігерлерге баруды нұсқады. Дәрігерлер Нағашыбай ағаның бетін жауып жатыр. Қанша жанталасқанымен араша бола алмағандарын айтып, Нағашыбай ағаның бақилық болғанын естіртті. Енді сот медициналық сараптамаға алып кетеміз деді… Төбемізден жай түскендей күйде қалып, абдырап қала бердік…

Енді, Нағашыбай аға ұлықтап кеткен А.Гитлерді, мүмкін Кеңестік Одақ жау, фашист қылып көрсеткен болар бізге… Мүмкін біз толықтай зерттей алмаған болармыз… Жете түсіне алмадық… Осы төңірегінде Нағашыбай ағаға қаншама сын айтылып, даттап жатырса да өз ұстанымынан танбады, мұқалмады және ешкімге де өкпелемеді. Қазақ еліне тек “Гитлердей ұлтшыл адам келу керек!” деген принцпті пікірінен таймады. Бір сөзінде “құжынаған кәсіпкерлерден МАЙН КАМПФты қазақ тіліне аударатын, бір демеуші табылмады. Мүмкін мына қазақ сонда Гитлерді терең түсінер ме еді?” деген болатын. Бірақ, ол арманы өзімен кете барды… Енді, санасы зерек, советтік идеологиямен уланбаған жас буынға Гитлерді “өз халқын ойлаған ұлтшыл” екенін кім түсіндіреді…
Бақұл болыңыз, аға!

P.S: Еркін ағамен Жедел-жәрдем көлігінің ізінен кетіп бара жатырғанда, Нағашыбай ағаның бас кимімен телефоны менің алдымда болатын. Телефоны сағат 11:08 ді көрсетіп тұрды. Демек, ҰЛТШЫЛ ЖҮРЕК осы уақытта тоқтаса керек…” -деп жазыпты.