Кеше Иосиф Сталиннің қайтыс болған күніне орай Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласындағы қызыл алаңдағы Сталин жерленген жерге коммунисттер келіп, гүл шоқтарын қойып жатқан сәтте, «Декоммунизация» жобасының белсенділері Евгений Сучков пен Ольга Савченко: “Әйелдер мен балаларды өлтірген қылмыскер! Тозақ отына өртен! Халықты қырған қанішер!”  деп айқайлап Сталиннің бюстіне гүл лақтырған. Ресей басылымдарының жазуынша, белсенділерді  милиция ұстап, кейін босатқан.