08-03-19 | 23:22
Миллиардер Александр Машкевич Ақтөбеге көмектеспекші.
Миллиардер Александр Машкевич Ақтөбеге көмектеспекші

Олигарх, миллиардер Александр Машкевич Ақтқбеге облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 3,2  млрд теңге бөлмекші екен. Әрине, өз қалтасынан емес. “Eurasian Resources Group (ERG) биыл Ақтөбе облысындағыәлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға 3,2  млрд теңге бөледі”, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімшігінің баспасөз қызметі. Меморандумға 6 наурыз, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің кездесуінен кейін қол қойылды. Құжат өңір басшысы мен ERG бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Альдияр Қазтаевтың қолдарымен бекітілді.

Қаражат Хромтау қаласындағы орталық ауруханаға жас мамандарды тартуға және медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, жылу, су, жарықпен жабдықтау желілері мен кәріздердің құрылысына және күрделі жөндеулеріне, көлік жолдары мен қала саябағын қалпына келтіруге, Хромтау тау-кен – техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, Хромтау қаласы мен Дөң ауылында балалар және спорт алаңдарын орнатуға, Ақтөбе қаласындағы жеңіл атлетикалық манеж құрылысына жіберіледі.

Меморандум аясында сондай-ақ, Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы автокөлік жолдарын салу, Хромтаудағы қоқысты шығару үшін арнайы техника, қалалық жолаушылар тасымалы үшін автобустар сатып алу, сонымен қатар, өзге де әлеуметтік, мәдени және спорттық жобаларды қолдау жоспарланып отыр.

Оңдасын Оразалин: “ERG құрамына кіретін ақтөбелік кəсіпорындардың облыс экономикасын дамытуда маңызы зор. Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту бойынша маңызды тапсырмасын  жүзеге асыруға сіздердің де белсене ат салысып жатқандарыңыз қуантады. ERG-нің біздің облысты дамытуға салатын инвестициялары ақтөбеліктер үшін жақсы қолдау болады”,- деп атап өтті.

«Осы жылы сондай-ақ, Хромтаудың жаңа бөлігінде құны 850 мың теңге болатын 320 орындық балабақша салуды бастаймыз. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылып жатыр. Біз әкімдікке біздің «туған қалаларымыздың» тұрмысын жақсартып,  жайлы етуге мүмкіндік бергені үшін ризамыз»,- деді Александр Машкевич өз кезегінде.

Еуразиялық топ (ERG) 15 жыл бойы жыл сайын топтың кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдар жасайды. Жалпы, соңғы бес жылда 2014 жылдан 2018 жылға дейін еуразиялық топтың әлеуметтік инвестициясының көлемі 107 млрд. теңгеден асты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.