АҚШ-тың үш жауы

193

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

АҚШ-тың үш жауы бар. Бірінші жауы Ресей болатын. Ресейге АҚШ Сенаты экономикалық, финанстық және персоналдық санкцияларын салды. Ресейге АҚШ Сенатының экономикалық, финанстық және персоналдық санкциялар салу себебі Украинаның Қырымды аннексиялауы және Шығыс Украинадағы сепаратистерді қолдауы. АҚШ-тың екінші жауы Иран. Иранға АҚШ Сенатының қатқыл экономикалық, финанстық және персоналдық санкциялар салу себебі Иранның Израильге қарсы  ядролық қару дайындауы. Иранның діні шиизмге негізделген клерикалдық популистік режимі сол қарумен басқа көршілеріне қоқан-лоққы жасауы әбден мүмкін еді. Сонымен АҚШ-тың бірінші және екінші жауы Ресей мен Иран болды. АҚШ-тың мақсаты Ресей мен Иранды ыдырату, себебі екі мемлекетте көпұлтты. Соңғы жылдары АҚШ өзінің үшінші жауы бар екенін жариялап жүр. АҚШ-тың үшінші  жауы – Қытай екен. Неліктен? Біріншіден, Қытай коммунистік, тоталитарлық держава. Екіншіден, Қытайдың геосаяси, геоэкономикалық  мүдделері АҚШ-тан мүлде бөлек, тіпті қарсы.

    АҚШ өз геосаяси жаулары қатарынан Иран мен Ресейді  алып тастағысы жоқ. Сонымен, АҚШ-тың жаңа жауы ретінде приоритеті – ол Қытай.

   Иранның экономикалық жағдайы өте мүшкіл. Иранда тұрмыс деңгейі күрт төмендеді. Иран көп ұлтты мемлекет, ал парсылардың үлес салмағы 53-54%, сонымен бірге 20 миллиондай әзірбайжан, көптеген күрділер тұрады. АҚШ-тың  геосаяси мақсаты Иран-Ирак-Сирия территориясынан  Күрдістан мемлекетін құру.

   АҚШ-тың  геосаяси мақсаты: Ресейді «Екінші қырғи қабақ соғысының» нәтижесінде Украинаға Қырым территориясын қайтарып беру және  Шығыс Украинадан Ресей әскерін қуып шығу. Сонымен  АҚШ Ресейді максималды түрде әлсіретпек.

   Қытай –әлемде ең қуатты мемлекеттердің бірі. Қытайдың Ішкі Жиынтық өнімі  тек АҚШ тан ғана кем түседі. Қытай Мао Цзе дун кезінде бірінші рет өркендеп ұлы державалар қатарына қосылды. Қытайдың бір миллиард тұрғыны бар. Кезінде Қытай Дэн Сяо пин экономикалық концепті жүзеге асырып, Қытай тағы да өркендеп енді ұлы әскери қуатты державалар қатарына қосылды. Қытай экономикасы Дэн мырзаның бағдары бойынша өте жедел дамып 10% жетістікке жеткен болатын. Бірақ бүгінгі күні Қытайдың Ішкі Жиынтық өнімінің өсу қарқыны 6,5% дейін төмедегенін байқаймыз. Экономикалық эксперттердің пайымдауынша,  Қытайдың Ішкі Жиынтық өнімінің 6,5% өсуі жалған дерек делінеді.

  Сонымен Қытай экономикасының еңкейуі Қытай халқының тұрмысының төмендеуіне әкелді. Қытай өлкелері өзара дүрдараздыққа түсіп жатыр. Бұл жағдайда Қытай билігінде жаңа басшы Цзен Цзе пин келіп, ол маоизм принципіне қайтып келгісі келеді. Яғни коммунистік принциптерге қайту жүріп келе жатыр. Коммунистік принциптерге оралу Қытай экономикасының социализмге  оралуды, құрдымға кетіп бара жатқанын  көрсетеді. Қытайдың экономикалық қарқынының төмендеуі одан ары жүре бермек.

Қорыта айтсақ, бүгінгі таңда отаршылдық кезең тамам болды. Екінші өзгеріс бір мемлекет екінші мемлекеттің жерін тартып ала алмайды. Басқыншылық жасаған Ресей санкциялардан тұншығып жатыр. Оған Ресей куә. Отарлар тарады. КСРО құлады да егемен елдер пайда болды. Қытай мен Ресей  авторитаризм мен тоталитарлық жүйеде отырып экономика алға баспайтынын түсіне бастайды. Олар ыдырауға түседі. Біздің мемлекетіміз өз егемендігін сақтап, экономикасын дамыту бағытында дамиды.