Боксшы Жанкош Тұраров қызды зорлады деген күдікке ілінді.

21 тамыз, 2024 / Arasha.kz

Танымал боксшы Жанқош Тұраров қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«Алынған арызға байланысты Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», — деп жауап берді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 19 тамыз күні полицияға 28 жастағы бойжеткеннің пәтерде зорлағаны туралы арызбен хабарласқаны туралы ақпарат пайда болған. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады. Мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.