Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына 12 жыл жаза сұралды.

30 сәуір, 2024 / Arasha.kz

Мемлекеттік айыптаушы полиция бөлімінде қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына 12 жыл жаза сұрады.

Экс-полиция бастығына қатысты сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Осы жылдың ақпан айында Талдықорған қалалық ІІБ-нің бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген болатын. Отырыстар жабық есік жағдайында өтті. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы (Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау) бойынша іс қаралды.

⠀

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер бөліміне қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен талдықорғандық әйел жеткізілген.