ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, аукцион өткізу жолымен электронды жүйемен сауда өткізді. Аукционға Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының 35% пайыз акциясы шығарылған болатын. Аукцион қорытындысы бойынша “Халықаралық білім беру корпорациясы” акционерлік қоғамы жеңімпаз болып танылды.

“Халықаралық білім беру корпорациясы” акционерлік қоғамының басты мақсаты – “Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы” қызметін дамытуда оқу орнының тарихи мәні мен кәсіби ерекшелігін сақтай отырып, отандық архитектура-құрылыс саласына және басқа да қазіргі қоғамға қажетті әлеуметтік-экономикалық құрылымдарға арналған жоғары сапалы мамандарды даярлау әрі кәсіби көп сатылы білім мен ғылымды дамыту.