Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық  Дмитрий Баландин бұл сындағы төртінші алтынына қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарысудан топ жарды. Сондай-ақ, Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуден турнирдің алтынына қол созды.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.

Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күмістен алқа тақты.

Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық жүзгіштер 11 медаль жеңіп алды.

Дереккөз: Olympic.kz