Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Қазақстан Республикасының азаматы Бияш Серікжан ұсталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Бұған негіз болған Бияш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» – соғысқа шақыруы.

Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда  жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды.

Бияш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499 2019 жылғы 5 наурыздағы  қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр.

Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.

Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Бияш Серікжанға қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.