Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген.

23 сәуір, 2024 / Arasha.kz

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады.

Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды.

Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.