Алматы облысының кейбір балабақшаларында ата-аналардан артық ақша жинап келген

82
Фото:egemen.kz
Фото:egemen.kz

Алматы облысының кейбір балабақшаларында ата-аналардан артық ақша жинап келген деп хабарлайды arasha.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

“Алматы облысының прокуратурасы балалардың бала-бақшадағы тәрбие алу мен оқуы үшін ата-аналардан артық ақша жинау фактілері анықтады.

Мысалы, Ақсу ауданында жергілікті атқарушы органның бала-бақшаның қызметі үшін төленетін қаражат соммасы 8,5 мың теңгеден аспауы керектігі бекітілгеніне қарамастан, ата-аналар 10 мың теңге төлеп отырған.

Аталған ауданда 300-ден аса бүлдіршіндер бала-бақшада тәлім-тәрбие алады.

Осындай заң бұзушылықтар Кербұлақ және Алакөл аудандарында да орын алған және артық төленген қаражат соммасы 5 және 2 мың теңгені құраған.

Осы бағытта тексеріс жалғасуда” -деп хабарлайды Алматы облыстық прокуратурасы.