Қуандық Бишімбаевтың ісіне төрағалық етіп жатқан судья Айжан Құлбаева қоқаң-лоққының астында қалды.

18 сәуір, 2024 / Arasha.kz

Полиция аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қорғауға алынды, деп хабарлады Жоғарғы сот.

«Қорқытулар судьяның телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен хабарламалар арқылы келіп түскен. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабының 1-бөлігі (сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне араласу) бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

«Ғаламтордағы хабарламаларды бақылау барысында судьяның аты аталған көптеген жағымсыз басылымдарды кездестірдік. Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігімен (судьяға жала жабу) іс қозғалды», — делінген хабарламада.