The World’s Best: Димаш Данэлияға жол берді (видео)

1226
Фото:bnews.kz
Фото:bnews.kz

АҚШ-та өтіп жатқан “The World’s Best” шоу бағдарламасына Қазастаннан екі өнерпаз қатысып жатқаны белгілі. Жас әнші Данэлия Тулешова қарсыласы Лидиан Радхасварамға есе жіберіп, гранд-финалға өтпей қалды. Ал белгілі өнерпаз Димаш Құдайберген жас таланттардың жолдарына тұрғысы келмейтінін айтып, өз еркімен жобадан кетіп қалды.

Димаш Құдайберген осы жолы Лара Фабианның “Adagio” әнін орындаған еді, ән аяқталғаннан соң ол жас бүлдіршіндерді алдыға шығару үшін жобадан кететінін мәлімдеді. Ал қазылардың бірі балаларға жол бергені үшін Димашқа рахмет айтып жатса, олардың арасында ренжігендері де болды.

Бірақ кейін жобаның әлеуметтік парақшаларында белгілі болғандай Димаш көрермендер дауысын көп жинаған болып шықты. Алайда ол жобадан кетіп қалды.

Кейін Данэлия Тулешова Димаш Құдайбергенге өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы рахмет айтқан.

Димаш жол берген балақайлар Данэлия Тулешова мен Лидиан Радхасварам жарысқан кезде Данэлия жеңіліп қалып, гранд-финалға өтпей қалған еді. Осы жолы ол әнші Пинктің “What About Us” әнін орындаған.

Қазақстандық әншінің қарсыласы пионист Лидиан Радхасварам белгілі классикалық шығармаларды екі пионинода қатар орындап, алға шықты. Сөйтіп, ол шоу бағдарламаның жеңімпазы атанып, 1 000 000 $ жеңіп алды.