Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында бүкіл әлем бойынша қолданушыларға қиындық тудырған іркіліс пайда болды

98

Facebook пен Instagram жұмысында бүкіл әлем бойынша қолданушыларға қиындық тудырған іркіліс пайда болды. Іркіліс сондай-ақ, Facebook және WhatsApp мессенджерлерін де қозғады, деп хабарлады BBC.
«Осы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысының іркіліске тап болуына не себеп болғаны белгісіз. Facebook компаниясы үшін бұл оның тарихындағы алаңдатарлықтай жағдай, ол сәрсенбі күні ұзаққа созылды», – делінген бейсенбідегі БАҚ хабарында.
Ақпарға сәйкес, соңғы рет компания осыған ұқсас проблемаға 2008 жылы тап болды, ол кезде оның 150 млн қолданушысы болған еді. Қазір олардың саны шамамен 2,3 млрд.
«Біз кейбір адамдардың Facebook компанияларының қосымшасын пайдаланушылардың қиындықтарға тап келгенінен хабардармыз. Біз осы проблемаларды барынша тезірек шешуге жұмыс жасап жатырмыз», – делінген Facebook мәлімдемесінде.

Дереккөз: ҚазТаг