Биыл Голливудтың 5 фильмі қазақ тіліне дубляждалады

182
Аладдин фильмінің бас кейіпкерлері
Аладдин фильмінің бас кейіпкерлері

2019 жылы Голливудтың 5 фильмі қазақ тіліне дубляждалады. Атап айтқанда: “Дамбо” 28 наурызда, “Аладдин” 12 мамырда, “Ойыншықтар хикаясы 4 / История игрушек 4” 20 маусымда, “Арыстан патша / Король Лев” 19 шілдеде және “Мұзды өлке 2 / Холодное сердце 2” 28 қарашада.

Бастаманы “Болашақ” корпоративтік қоры және “Меломан” компаниясы ұйымдастырып отыр. Осыған дейін 2011 жылдан бері 27 фильм дубляждалды.

Disney фильмдерінің кейіпкерлерін қазақша сөйлетуге Дәурен Серғазин, Нұрлан Әлімжанов және басқа да отандық жұлдыздар тартылады. 

Жарық көретін жобалардың алғашқысы – Тим Бертонның “Дамбо” (“Dumbo”) отбасылық фэнтезиі. 1941 жылғы анимациялық туындының көркем кино форматындағы ремейкі циркте туған құлағы үлкен пілдің хикаясын баяндайды. Фильм премьерасы 28 наурызда.

Ал жазда Алматыда қазақша дубляждалған фильмдердің фестивалі өтеді. Бірнеше күн бойы осы күнге дейін аударылған киножобалардың барлығы көрсетіледі. Фестивалді ivi.ru онлайн-кинотеатры ұйымдастырады.

Дереккөз:kinostan.kz