250-ге жуық жетекші ғалымдар БҰҰ-на сымсыз технологиялардың қауіптілігі бойынша өтініш білдірді

115

250-ге жуық ғалым БҰҰ-на және ДДҰ-ға сымсыз технологиялардың адамдардың денсаулығына қауіптілігі жөнінде ұжымдық үндеу жолдады, деп хабарлайды EMF Scientist ресми сайты.

Аталған құжатқа үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін. 42 мемлекеттен 247 ғалым қол қойған.

“Біз иондамайтын электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) денсаулыққа биологиялық әсерін зерттеумен айналысатын ғалымдармыз. Сараптамалық бағалаудан өткен, жарияланған зерттеулер негізіне сүйене отырып, бізде электр және сымсыз құрылғылар шығаратын ЭМӨ-нің барлық жерде және өсіп келе жатқан әсеріне қатысты айтарлықтай қауіп төніп келе жатқанына алаңдаймыз”, – делінген хатта.

Бұл ретте, әлеуетті қауіпті құрылғыларға – ұялы және сымсыз телефондар және олардың базалық станциялары, Wi-Fi, телевизиялық антенналар, зияткерлік есептеуіштер мен радиокүтушілер, сондай-ақ өте төмен жиіліктегі электромагниттік өрісті генерациялайтын электр энергиясын беру үшін пайдаланылатын құрылғылар мен инфрақұрылым (ЭМӨ ЭҚК) жатады.

Үндеуде атап көрсеткендей, көптеген соңғы ғылыми жарияланымдардан білетініміздей, ЭМӨ-нің тірі организмдерге әсер ету деңгейі көптеген халықаралық және Ұлттық негізге алынған принциптерде көрсетілгеннен әлдеқайда күштірек екенін көрсетті.

“Жағымсыз әсерлерге – қатерлі ісік дамуының жоғары қаупі, жасушалық стресс, зиянды бос радикалдар санының артуы, генетикалық зақымданулар, репродуктивті жүйенің құрылымдық және функционалдық өзгерістері, жадының нашарлауы және оқып үйрену қабілетінің төмендеуі, неврологиялық бұзылулар және адамдардың жалпы көңіл – күйіне теріс әсер ету жатады”, – делінген құжатта.

Сонымен қатар, ЭМӨ-нің өсімдіктер мен жануарларға теріс әсер етуінің дәлелдері көретілген.

Осыған байланысты өтініш авторлары БҰҰ-дан электромагниттік өрістерден қорғау бойынша барынша мұқият басшылық жасауға, сақтық шараларын көтермелеуге және жұртшылыққа денсаулық үшін, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге арналған қауіп-қатерлер туралы хабарлауға көмек көрсетуді сұрайды.

“Іс-қимыл жасамайынша, ДСҰ – Халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің рөлін орындамайды”, – деп тілге тиек етті ғалымдар.

Бұдан бөлек, олар БҰҰ-нан және ДСҰ-нан өндірушілерді қауіпсіз технологияларды әзірлеуді көтермелеуді, коммуналдық кәсіпорындарды электр энергиясының тиісті сапасын және электр сымдарының жай-күйін ұстап тұруға міндеттеуді, медицина қызметкерлерін электромагниттік сезімталдығы бар пациенттерді емдеуге үйретуді, электромагнитті өрістер саласындағы оқыту мен зерттеулерді және олардың денсаулыққа әсерін қаржыландыруды, денсаулық пен қауіпсіздікке байланысты ЭМӨ технологияларының аспектілеріне қатысты олардың пікірлерін мысалға келтіру кезінде өндірушілермен сарапшылардың жалған қарым-қатынасын БАҚ-та ашуды, сондай-ақ, сымсыз сәулеленуден бос алаң ұйымдастыру қажет екенін атап көрсетті.