Мешіттерде атыс болып, 40 адам қаза тапты

197

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітте атыс болып, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті nzherald.co.nz сайты.

Атыс шығарғандардың бірі австралиялық ультраоңшыл көзқарастағы австралиялық азамат Аль-Нұр мешітінде 17 минут өзінің іс әрекетін тікелей эфирде видеоға түсіріп тұрған.

видеодан скриншот
видеодан скриншот

Линвудта 10 адам қаза тауып, 30 адам Хагли саябағының маңындағы Дин-Авен мешітінде мерт болды. 27 адам түрлі жарақаттар алған деп жазады жергілікті басылым. 

Қазіргі уақытта 4 адам қамауға алынған, олардың арасында бір әйел бар. 

Құзырлы орындардың айтуынша, бұл “террорлық акт” алдын ала жоспарланған.  Күдіктілердің еш бірі бұған дейін тәртіп сақшыларының көздеріне түспеген. Қазір Крайстчерчке жан-жақтан тәртіп сақшылары жұмылдырылып жатыр.