Алматы мен Көкшетау қытай автобустарына тапсырыс берді, Астана, Шымкент, Петропавл қалаларымен келіссөз жүргізілуде

149
Фото:2ГИС
Фото:2ГИС

Қытайдың Golden Dragon (Алтын айдаһар) атты автобустары енді Қазақстанда құрастырылады. Өндіріс наурыздың соңында басталмақ.

Автобустар «Астана Моторс» ЖШС қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Auto кәсіпорнында құрастырылады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.  Қытайлық көліктерді қазақстандық компания үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында құрастыра бастайды, сосын дәнекерлеу және сырлау жұмыстары жүргізіледі.

«Астана Моторс» мамандары автобустардың түрлі модельдерін шығармақшы. Бағасы 31,9 миллионнан басталады. Бұл қазақстандағы Қытайдың Golden Dragon  автобустармен салыстырғанда бағасы 10% арзан деп отыр компания.

Қазір Алматы мен Көкшетаудан тапсырыстар түсіп, Астана, Шымкент, Петропавл қалаларымен келіссөз жүргізілуде екен.