Жүргізуші куәлігінен айырылып, полиция бөлімшесінің терезесіне оқ атқан қостанайлық он жылға сотталды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

2018 жылдың қазан айында азамат «И» автокөлік жүргізу құқығынан ауырылғанына қарамастан, Мендіқара ішкі істер бөліміне келіп кезекші тергеуші кабинетінің терезесіне екі рет қарумен оқ атқан.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «И» ҚР ҚК-нің 380-1 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі максималды тәртіпте өтейді.

Сонымен қатар, сотталушыдан сынған терезе үшін көлемі 82 000 теңге материалдық шығын және жәбірленушілер өтем қорына 30 айлық көрсеткіш  көлемінде төлем өнідірілді. Қылмыс жасалған автоөлік «ВАЗ 21102» мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.