Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Сооронбай Жээнбековті “Қырғызстанды отбасымен басқаруға көшті” деп айтыптап, “Кеш болмай тұрғанда тоқта!” деп ескерту жасады. Атамбаев бұл сөзді Бішкекте өткен Ақсы оқиғасын еске алу шарасында айтты. Мұны Азаттықтың қырғыз қызметі жазады.

“Кеш болмай тұрғанда тоқта! Өйткені ел деген сел. Ел шыдайды. Бірақ қашанға дейін шыдап тұрарын білмеймін. Ел бір күні оянса, оны ешкім тоқтата алмайды. Біз оны көргенбіз”, – депті Атамбаев.

Ал Ақсы оқиғасында құрбан болғандарды еске алуға Боспиек ауылына барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елді отбасылық-кландық басқаруға ешқашан жол берілмейтінін айтқан.

Қырғыстандағы Ақсы оқиғасы – 17-жыл бұрын  Асқар Ақаевтың билігіне қарсы шыққан адамдарға сол кездегі билік оқ атып, алты адам қаза болған еді.