Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды.

3 сәуір, 2024 / Arasha.kz

Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оған қатысты зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.