Ресей бұл соғыста қазірден жеңіліс тапты – АҚШ президентінің кеңесшісі.

24 ақпан, 2023 / Arasha.kz

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Украинадағы жағдай алдағы уақытта қалай өрбісе де, Ресей бұл соғыста жеңіліс тапты деп санайды.

«Ресейдің бұл соғыстағы басты мақсаты – Украинаны картадан өшіру, астанасын қиратып, Украинаны жұту еді. Олар сәтсіздікке ұшырады және бұдан былай ойлаған мақсаттарына жете алмайды», — деді Салливан соғыстың бір жылдығына орай CNN ұйымдастырған жиында.