Зерттеу: Алматы әлемдегі арзан қалалардың бірі

34

Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу орталығы әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат және ең арзан қалалардың тізімін жариялады. Тізімге барлығы 133 қала енген.

Рейтинг түзгенде бір бөлке нан, бір бөтелке сыра құны, ер адамның екі костюмінің құны және шаштараз ақысы сынды 160-қа жуық қызмет пен тауар бағасы есепке алынған.

EIU рейтингінде Қазақстанның Алматы қаласы әлемдегі арзан бес қаланың қатарына енген:

Дели (Үндістан) – 43 ұпай
Ченнаи (Үндістан) – 41
Буэнес-Айрес (Аргентина) – 41
Лагос (Нигерия) – 40
Карачи (Пәкістан) – 40
Бангалор (Үндістан) – 39
Алматы (Қазақстан) – 35
Ташкент (Өзбекстан) – 33
Дамаск (Сирия) – 25
Каракас (Венесуэла) – 13

Париж, Сингапур, Гонконг әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін бастап тұр – 107 ұпай. Қымбат қалалар ондығы:

Сингапур (Сингапур) – 107
Париж (Франция) – 107
Гонконг (Қытай) – 107
Цюрих (Швейцария) – 106
Женева (Швейцария) – 101
Осака (Жапония) – 101
Сеул (Оңтүстік Корея) – 100
Копенгаген (Дания) – 100
Нью-Йорк (АҚШ) – 100
Тель-Авив (Израиль) – 99
Лос-Анджелес (АҚШ) – 99

Economist Intelligence Unit құжатындағы “экономикалық және саяси жағдайларға байланысты арзан қалалардың саны артып келеді” деп жазған.

Azattyq.org