“Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақ» бағдарламасын бекітіп, осы уақытқа дейін 12 мыңнан астам Қазақстан азаматтарына шетелде білім алып келулеріне мүмкіншілік бергені үшін алғысымызды айтамыз!” дейді   “Болашақ” сссоциациясының мүшесі Аслан Назаралиев. 

“Бірінші сыныпты тәуелсіз Қазақстанда ауылда бастағанда, кішкентай ғана қазақ орта мектебінен бастаған білім жолымды сонау АҚШ-тың кинодан ғана көретін Нью-Йорк қаласында қаржы мамандығымен ең жоғарғы дәрежелі дипломмен бітіріп шығамын деген ой екі ұйқтасаң да түсіңе кіретін жайт емес еді. Бірақ, сол 1993 жылы Қазақстан үшін қиын қыстау заманға қарамастан, көрегендігінің арқасында, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақ» бағдарламасын бекітіп, осы уақытқа дейін 12 мыңнан астам Қазақстан азаматтарына шетелде білім алып келулеріне мүмкіншілік бергені үшін алғысымызды айтамыз!” – дейді ол.
Оның айтуынша, шетелде білім алып қана емес, ойлау шеңберәміз де кеңіп келді. Соның арқасында қазір өз еңбегім арқасында бейбіт елемізде еш кедергісіз кәсіп құрып, үйлі-жайлы, бала-шағалы болып, еркін өмір сүрудеміз.
“Біз еліміз-жеріміздің көркеюіне әркім өз шамасы шеңберінде үлес қосатындай тұрарлық азаматтар болып, алға ұмтылайық!” деп түйіндейді ойын Аслан Назаралиев.