Парламент депутаттары Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту жөніндегі заңды бір ауыздан мақұлдады. Заңға сенаттың 43 депутаты, мәжілістегі 103 депутаттың 103 – де қолдап дауыс берді.

Бүгін қызметіне кіріскен президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне мәңгі есте қалдыру мақсатында Астана қаласының атын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.