Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқанын айтты.

27 мамыр, 2024 / Arasha.kz

28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады) болып саналады. 

Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды.

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыларды барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті.