Ресей президент В.Путин Қазақстанның бірінші президенті, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев пен Қазақстан президенті Қ.Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені туралы Кремль хабарлады.

Путин Назарбаевқа екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамыту және евразиялық интеграцияны жүзеге асырғаны үшін тағы алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыс одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Тоқаевтың Ресейге жақында жасалар сапары туралы уағдаласқан.