Сенесіз бе, Қазақстанда дағдарыс жоқ екен

0
864

Қазақстанда экономикалық дағдарыс жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты.

«Мен өткен жылғы экономикалық өсімнің сапалық аспектілері туралы айттым. Бюджет, салық заңнамасына түзетулер және бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Олардың нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызға артты. Ол әлем экономикасының өсімінен және көрші елдердің өсімінен жоғары. Яғни, қазіргі таңда экономикалық дағдарыс жоқ», — деді ол.

Дереккөз: ult.kz