фото: elbasy.kz
Премьер-министр Асқар Мамин экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде ел экономикасы сөз болған. Назарбаев «экономиканың жағдайы жаман емес» деп баға берген. Ал Асқар Мамин: «экономика қалыпты даму үстінде» екенін айтқан.
Сондай-ақ Мамин Назарбаевқа экономиканың жағдайы туралы баяндап берген.
Елбасының баспасөз қызметі «А.Мәминнің баяндамасына сәйкес», — деп жаза келіп: «құрылыс саласының дамуы 12,9%, сауда — 7,9%, байланыс — 5,2%, өңдеу өнеркәсіп саласы — 4,4%, тау-кен өндірісі — 3,7%, халықтың нақты табысы5,5% өскен» деп премьер-министрдің деректерін келтірген.