Тікұшақ апаты: Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев не дейді (видео)

66

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты түсініктеме берді

“27 наурызда ҚР ҚК ӘӘК тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан бортта болған 13 әскери қызметші “Алтын жебе” жоспарлы оқу-жаттығу барысында қаза тапты. Оқиға орнына дереу Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді. Қарулы Күштер Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша апаттың себептері мен жағдайларын тергеу басталды. Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан әскери қызметшілер өздерінің әскери борышын адал атқарды. Қарулы Күштердің барлық бөлімдерінде митингілер өткізілді, онда жеке құрам қаза тапқан әскери жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына моральдық және материалдық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайтын болады” -деді министр Н. Ермекбаев.