Жанболат Мамайға тағылған айып өзгерді.

26 қазан, 2022 / Arasha.kz

Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып ауыстырылды. Бұл туралы Жанболаттың жұбайы Инга Иманбай мәлімдеді.

«24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып алынып тасталды. Енді оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 400-бабы «Заңсыз митингі ұйымдастыру» санатына ауыстырылды. Ал ол әлі қамауда, оны сот пен жаза күтіп тұр», — деді Иманбай Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің отырысында.