Көмірге бөлінген 100 млн теңгені жымқырған директор сотталды.

21 ақпан, 2024 / Arasha.kz

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып,  тергеп-тексерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.