Қазақстанда міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция басталды.

8 қыркүйек, 2024 / Arasha.kz

Маңғыстаудағы полигонда сарбаздың бетінен оқ атылған соң, қазақстандықтар елдегі міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция құрды.

Белсенділер Қазақстанда міндетті әскери қызметтің жойылуын талап етіп отыр. Петиция e-Petition сайтында жарияланды.

Белсенділер құжатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жолдап үлгерген.

Құжат авторлары бұл қайғылы оқиғалар қазіргі әскери қызмет жүйесіндегі кемшіліктерді көрсетті деп санайды. Авторлар негізгі проблемалардың бірі — армиядағы жарғысыз қатынас және әлімжеттік деп санайды.

Әскери қызметке шақырылған жас жігіттер жоғары қызметтегілердің зорлық-зомбылығы мен қысымына жиі ұшырайды, бұл психологиялық жарақатқа, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады.