Алматы тұрғыны Путиннің Астанаға сапарын сынап, митингіге үндегені үшін ұсталды.

13 қазан, 2022 / Arasha.kz

Рафик Жарылқасымов әлжеліде видео жариялаған. Әйелінің айтуынша, күйеуін 13 қазанда Ақсайдағы мата дүкендерін аралап жүрген кезде штаттық киім кигендер ұстап әкеткен.

— Жәй киім киген адамдар келіп, амандасып, алып кетті. Рафик маған хабарласып, Бостандық аудандық полициясына апара жатқанын айтты. Байланыс та өшіп қалды. Содан бері байланысқа шыққан жоқ, — деді әйелі Вера Жарылқасымова.

Айтуынша, полиция қызметкерлеріне ұқсас адамдар ешқандай құжат көрсетпеген, ұстау себебін де түсіндірмеген.

Дереккөз: Азаттық