Қазгидромет: ШҚО өзендерінде су деңгейі күрт көтеріледі

74

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейлерінің күрт көтерілуі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды .

“30 наурыз – 5 сәуір аралығында күтіліп отырған жалғастырмалы жауын-шашын мен жоғары ауа температуралары мәндерінің болжамына байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейлерінің күрт көтерілуі, жергілікті және бүйірлік ағынның қалыптасуы және мұз кептелістері күтіледі” делінген Қазгидромет жариялаған ақпаратта.