04-04-19 | 00:24
Путиннің ұсынысы – Қазақстанда атом электростанциясын салу.
Путиннің ұсынысы – Қазақстанда атом электростанциясын салу

Ресей президенті В.Путин Қазақстан президенті Қ.Тоқаевпен ресми кездесу барысында Қазақстанда атом электрстанциясын салу туралы ұсыныс айтты.

– Бірлесе әрекет етудің жаңа формасына өтуді ұсынамыз. Айтқым келіп отырғаны, Ресей технологиясымен Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі, – деді Путин Тоқаевпен кездесу кезінде.

Путин сондай-ақ, екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара бірлескен жұмыстарды да айтқан. Қ.Тоқаев болса, екі ел арасындағы ынтымақтасты әрі қарай дамытуға уәде беріп, өз сапарының маңыздылығына да тоқталды.

Қайыра айтсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейде жүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.