Н.Назарбаев: Мен Тұңғыш Президент – Елбасының тиісті міндеттерін атқаруға кірістім

584

Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жиын өтті деп хабарлайды Ақорда.

Жиын кеше 3-cәуірде Назарбаев орталығында өткен. Оған
Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы М.Қасымбеков, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары А.Бисембаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысқан. Жиын елбасы кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаны хабарланған. Жиын барысында Н.Назарбаев: “Мен Тұңғыш Президент – Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін атқаруға кірістім. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, «Nur Otan» партиясына басшылық етуді жалғастыра беремін. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Осы қызметті қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президенттің Кеңсесі құрылды. Ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді. Енді бәріміз жүктелген міндеттерді орындауға кірісуіміз керек” деп елбасы кеңсесінің алдында тұрған міндеттерді атап, бірқатар нақты тапсырмалар беріп “Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін, еліміздің тұрақтылығын, бірлігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз” деген екен.