Германияда қазақстандық дипломаттар жол ережесін өрескел бұзушылар тізіміне енді

120

Немістің Bild таблоиді шетелдік дипломаттар арасынан Берлинде жол ережесін өрескел бұзушылардың бестігін жариялады. Олардың арасында қазақстандықтар бесінші тұр.

Өткен жылы Берлин полициясы дипломаттардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының 21700-нан астам оқиғасын тіркеді. Бұған тек рұқсатсыз жерде көлікті тұраққа қою ғана емес, сондай-ақ апат пен тіпті көілік жарыстары да кіреді.

Жол ережесін ең көп бұзатындар америкалықтар болып шықты. Америкалық дипломаттардың 264 автокөлігі ереже бұзу бойынша тіркелсе, екінші ресейліктер (158) мен қытайлықтар (115) тізімнің үштігіне кірген. Ал ереже бұзушы бұзақылардың бестігін Йемен мен Қазақстан жауып тұр.

2018 жылы дипломаттардың қатысы бар 79 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы жол-көлік оқиғаларының 27-де адамдар зардап шегіп, 32 адам жеңіл, екі адам ауыр жараланды. 50 жағдайда жүргізушілер оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Bild таблоиді.