Атом энергиясы: Энергетика министрлігі Үндістаннан делегация шақырыпты

133
фото - energo.gov.kz
фото - energo.gov.kz

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін сәуірдің 3-4 күндері энергетика министрлігінің шақыруымен Үндістаннан арнайы делегация Нұр-Сұлтан қаласына келіп, сапарлап келіп қайтыпты. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлайды.

“Сапар барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Үнді делегациясының Қазақстан Республикасындағы Үндістанның елшісі Жоғары мәртебелі мырза Прабхат Кумардың басшылығымен ҚР Энергетика вице-министрі С.Қ. Есімхановпен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу шеңберінде үнді делегациясы Үндістан Республикасында атом энергетикасы мен ғылымы дамуы туралы презентациялар ұсынды. Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің өкілдері және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом ғылымы мен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы ақпарат ұсынды” дейді энергетика министрлігі.

Атом энергетикасына қатысты қайыра еске салатын жайттарға келсек, президент Қ.Тоқаевтың Ресейге сапары кезінде Ресей президенті В.Путин Қазақстанда атом электрстанциясын салу мүмкіндігі туралы ұсынысын айтқан еді.