Ләззат Танысбай “Қазақстан” ұлттық телеарнасына басшы болып тағайындалды

179

Белгілі тележурналист, бұған дейін “Астана” телеарнасын басқарған Ләззат Танысбай “Қазақстан” ұлттық ТРК-ның басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында жазды.

“Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым.
Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.
Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!” деп жазды министр.

“Қазақстан” телеарнасын басқарған Ерлан Қарин бұған дейін президенттің кеңесшісі болып тағайындалғаны белгілі.