Ұшақта баланың жүрегі тоқтап қалды.

14 ақпан, 2024 / Arasha.kz

Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала диспансерлік есепте тұр. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған бала Алматы — Орал бағыты бойынша жүрген рейсте еді.

«Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды», — деп мәлімдеді ведомствода.

Ал Орал әуежайында баланы жедел жәрдем бригадасы күтіп алған.