Ресей телеарнасы қазақша сөйлейді

156

Ресейлік «Мульт» телеарнасы мемлекеттік тілде көрсетіле бастайды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында жазды.

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі

“Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ресейлік «Мульт» телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді. Бұл келісімге сәйкес, телеарнаның өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында, мемлекеттік тілде көрсетіле бастайды” дейді министр.

Д.Абаевтың айтуынша, «Мульт» телеарнасынан балалар тәулігіне үш сағат қазақша мультфильмдер көре алады. Сондай-ақ, телеарнаның қазақ тіліндегі контентін болашақта көбейту көзделіп отырған көрінеді.

“Қазір «Қағаздар» (Бумажки) және «Сүйкімді қонжықтар» (Ми-мишки) атты мультсериалдардың дубляжы толық аяқталды. Осы екі өнім «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» арнасының көрермендеріне де көрсетіліп жатыр” деп жазады Дәурен Абаев.