Өзбекстан президентінің үлкен қызы қызметке тағайындалды

338

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы Саида Мирзиёева президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және қоғамдық коммуникация агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол бұл қызметте Өзбекстанның сырт елдердегі оң имиджін қалыптастыруға және мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметтерін үйлестіру мәселесі бойынша жұмыс істемек.

Агенттік директорын тағайындау және қызметінен алу Өзбекстан президентінің құзіретінде. Қазір агенттікті Шавкат Мирзиёевтің бұырнғы баспасөз хатшысы Комил Алламжонов басқарады.

Шавкат Мирзиёевтің үш баласы бар. Үлкен қызы
Саида Мирзиёева. Кіші Шахноза Мирзиёева мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру басқармасының орынбасары болып істейді. Ұлы Миралишер мектепке оқиды.

Ал Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың екі қызының бірі Гулнара Каримов қазір түрмеде.