Жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханаларының қабырғасы жарылып кетті.

23 қаңтар, 2024 / Arasha.kz

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатыр.

» ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында құрбандар мен қираулар болды деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдер барлығын орнында тексерді, бар-жоғына көз жеткізді. Ұсақ жарықтар пайда болды, бірақ құлау қаупі жоқ. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде жағдай толығымен бақылауда, біз барлық ректорлармен байланыстамыз», — деді Саясат Нұрбек.