Павлодарда жыртылған ту желбіреп тұр

185
Фото: Есенбек Санатұлының парақшасынан
Фото: Есенбек Санатұлының парақшасынан

Павлодардағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ту жыртық-жыртық күйінде ілініп тұрғанын павлодарлық журналист Есенбек Санатұлы өзінің facebook парақшасына жазады.

“Неткен жаман ырым.

Павлодардағы жалғыз даңғыл жақында “Тәуелсіздігінен” айырылып еді, енді даңғыл бойындағы мемлекеттік байрағымыздың дал-дұлы шығыпты. Тиісті органдар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы туды қашан ауыстырар екен? Аяқ астынан Президент келіп қалып жүрсе…” -дейді журналист.

Еске салсақ үстіміздегі жылдың наурыз айында еліміздегі бірқатар қалалардағы негізгі көшелердің аттары өзгеріп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің аты берілген. Солардың бірі Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылы Н. Назарбаевтің атына өзгертілген еді.

https://web.facebook.com/profile.php?id=100001050745388