Жүк салғышынан доллар және травматикалық тапанша табылған көлік Талдықорғанның экс-әкімінің баласынікі болып шықты

166

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап Tengrinews хабарлапты.

Ведомствоның мәліметінше, 19 наурызда Алматыда 055 QQQ 05 мемлекеттік нөмірі бар Toyota Camry тоқтатылды. Департаментінің хабарлауынша, автомобиль Дастан Шалтабаевтың ұлы Тұрлыхан Тұрарбекке тиесілі. Машинаны оның курстасы Арлан Шарипов жүргізген. Онымен бірге салонда С. Бейсен және Н. Мақұл есімді жолаушылар болған.

“Соңғысына қатысты (Мақұл Н. – Ескерту.) “газ қаруын заңсыз сақтау” қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жүргізуші Аслан Шариповке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған уақытта Тұрлыхан Тұрарбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуда болған. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Дастан Шалтабаев тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жоқ”, – делінген хабарламада.

Тонировка мен стробоскоптары бар автокөлік жүргізушісін (арнайы сигнал беру құралдары) Алматының Орталық магистральдарының бірінде ұстаған: полиция экипажы көліктің алдыңғы әйнектері қараңғылатылған Toyota Camry-ді тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның өзімен бірге машинаға құқығы мен қандай да бір құжаттары болған жоқ. Сонымен қатар, ол осы көлікті жүргізуге құқығы да жоқ.

Полицейлер жүк салғышынан патрондары бар “Байкал” травматикалық тапаншасын, басқа көлікке тіркелген екі дана мемлекеттік нөмір, бір рация, 100 АҚШ долларларынан тұратын валюта купюраларының бумалары табылды. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік нөмірдің Талдықорғанның бұрынғы әкімінің туысына тиесілі болуы мүмкін деп болжаған.

Сонымен қатар, 055 TD05 және 007 TD02 мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілері Алматы облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының АЖР есебінен алынды”, – деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода.

Айта кетейік, 12 сәуірде Дастан Шалабаев Талдықорғанның әкімі қызметінен кетті. Енді ол “Қорғас” ШЫХО жұмысына жетекшілік ететін болады.