Ресейде үйге құлаған ұшақ апатынан 13 адам мерт болды.

18 қазан, 2022 / Arasha.kz

Ресейдің Ейск қаласында Су-34 әскери ұшағы тұрғын үйге құлады, апат салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы жиырмасы түрлі дене жарақатын алды.

Ресей ТЖМ-і апат болған жерде іздеу-қазу жұмыстарын аяқтағандарын мәлімдеді.

«Апат борлған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде 10 адамның мүрдесі табылды. Жалпы қаза тапқандар саны 13, оның үшеуі бала. Тағы 19 адам жарақат алды», — деді ТЖМ өкілі.

Сонымен қатар ол 68 адамды құтқарып қалғандарын және 360 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.