Министрдің баласы әкімнің орынбасары, ал сот төрағасының ұлы институт басқарады

487
Әлішер Әбдіқадыров, фото: weproject.media
Әлішер Әбдіқадыров, фото: weproject.media

17-сәуірде Қазақстандық индустрияны дамыту институтының басқарма басшысы болып Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр таныстырған.

Еліс Әбдіқадыров, Алматы облысы сотының төрағасы, фото:
sud.gov.kz

Әлішер Әбдіқадыров Алматы облысы сотының төрағасы Еліс Әбіқадыровтың баласы. Әлішер Елісұлы tengrinews.kz – ке берген пікірінде қызметіне әкесінің қатысы жоқтығын айтыпты.

“Ол менің әкем. Мен мүлдем басқа салада жұмыс істеймін. Менің салам – инвестиция, инновация, өндіріс. Оның қызмет саласы басқа. Он жылдан бері біздің жолымыз түйіскен емес” депті Ә.Әбдіқадыров.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі.

Бұл туралы министрдің өзі: “Менің балам. Қазақстан азаматы болғандықтан Конституцияға сәйкес құқығы бар. Бұл оның таңдауы. Ол жеке тұлға. Менің қатысым бар-жоғына келер болсақ, онда менің бұл мәселеде қатысым жоқ. Ондай әдетім жоқ. Мемлекеттік қызметті ол өзі таңдады. Бәрі оның өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істесе мансапта да өскеді” деген еді.